❗ Абай облысының тұрғындарына!
🔰 «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық аумақтарында өтеді
📢 Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де Семей қаласында және өңірдің барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтетінің хабарлайды.
✅ Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
✅ Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті заң кеңесін ала алады. Олардың құрамына Абай облысының адвокаттары, нотариустары, сот орындаушылары, заң кеңесшілері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіреді.
✅ Акция ҚР Үкіметінің және ҚР Әділет министрлігінің қолдауымен өткізіледі.