Меню
Страницы

270.00 декларациясы: кім және қашан тапсыруы керек?

270.00 декларациясы: кім және қашан тапсыруы керек?

Абай облысы бойынша МКД өкілі Айнаш Мусаинова «Семей» телеарнасындағы «Диалог» бағдарламасында 2025 жыл үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынудың өзекті мәселелерін түсіндірді.

Айнаш Мусаинова атап өткендей, декларацияны заңнамада белгіленген негіздері бар жеке тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың резидент жұбайлары, сондай-ақ жекелеген санаттағы мамандар ұсынады.

 Ол шетелдегі мүліктің, шетелдік банктердегі 3,932 млн теңгеден астам қаражаттың, цифрлық активтердің және өз бетінше салық салынуға тиіс кірістердің болуына ерекше назар аударды.

 Сондай-ақ 2025 жылы жалпы құны 78,64 млн теңгеден асатын мүлік сатып алынған жағдайда декларация тапсырылады.

 Декларацияны ұсыну мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 Декларацияны Салық төлеушінің кабинеті, eGov, e-Salyq Azamat, eGov mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде ұсынуға болады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері