Меню
Страницы

«2026 жылы заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бейрезиденттерге салық салу тәртібі»

«2026 жылы заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бейрезиденттерге салық салу тәртібі»

тікелей эфир
сұрақтары мен жауаптары

 1. Бейрезидент деп кім танылады?

 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 225-бабына сәйкес, бейрезидент – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға.

 2. Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу міндеттемесі қандай жағдайда туындайды?

 Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару міндеттемесі қазақстандық ұйымның немесе жеке кәсіпкердің (салық агентінің) заңды тұлға – бейрезидентке табыс төлеуі кезінде, егер мұндай табыс Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс деп танылса, туындайды.

 3. Бейрезиденттің қандай табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы есептеледі?

 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 679-бабына сәйкес, заңды тұлға – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына, атап айтқанда, мыналар жатады:

 Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыстар;

басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік, заңгерлік және IT-қызметтер көрсетуден алынатын табыстар;

 пассивті табыстар (дивидендтер, сыйақылар (пайыздар), роялти);

 Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті жалға беруден немесе өткізуден алынатын табыстар;

 халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудан алынатын табыстар.

4. Заңды тұлға – бейрезиденттердің табыстарына қандай корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері қолданылады?

 Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 682-бабында белгіленген:
 20 % – жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден, жарнамадан, маркетингтік және өзге де ұқсас қызметтерден алынатын табыстарға;
 15 % – тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;
 5 % – тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;
 5 % – халықаралық тасымалдау қызметтерін көрсетуден алынатын табыстарға;
 15 % – құн өсімінен алынған табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға (пайыздарға) және роялтиге;
 20 % – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (офшорлық юрисдикцияда) тіркелген тұлғалардың табыстарына.

 5. Заңды тұлға – бейрезидент үшін корпоративтік табыс салығын кім төлейді?

 Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын салық агенті – заңды тұлға – бейрезидентке табыс төлейтін қазақстандық ұйым немесе жеке кәсіпкер ұстап қалады және бюджетке аударады.
 Салық бейрезидентке төленетін табыс сомасынан тікелей ұсталып, Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылады.

 6. Қандай салық есептілігі ұсынылады және қандай мерзімде тапсырылады?

 Салық агенттері заңды тұлға – бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есепті (101.04-нысан) ұсынуға міндетті.
 Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

 7. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу мерзімдері қандай?

 Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 683 және 684-баптарымен реттеледі.
 Салық кодексінің 683-бабына сәйкес, салықты есептеу және ұстап қалу заңды тұлға – бейрезидентке табыс төленген күні жүргізіледі.
 Салық кодексінің 684-бабына сәйкес, ұсталған салық сомасы бейрезидентке табыс төленген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірілмей бюджетке аударылады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері