Меню
Страницы

Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

Жаңа Салық кодексі:
2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

тікелей эфир
сұрақтары мен жауаптары

1.Өткен салық кезеңдері үшін салық есептілігіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізген оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге қатысты салық міндеттемесі мен талап бойынша талап қою мерзімдері ұзартыла ма?

Иә, ұзартылады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 65-бабының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, салық міндеттемесі мен талап бойынша талап қою мерзімдері ұзартылады.



2.Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және (немесе) есептелген сомаларды қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі қандай кезеңге тоқтатыла тұрады?

Салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері бойынша хабарлама орындалған күнге дейін, сондай-ақ салық органы лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым берілген күннен бастап жоғары тұрған салық органының шешімі қабылданған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күнге дейін талап қою мерзімі тоқтатыла тұрады.
Сонымен қатар, егер салықтық тексеру талап қою мерзімі аяқталғаннан кейін аяқталса және тексеру басталған күні талап қою мерзімінің аяқталуына 30 күнтізбелік күннен аз уақыт қалса, осы салық кезеңі бойынша талап қою мерзімін тоқтата тұру қолданылмайды. Ал осы тексерумен қамтылған өзге салық кезеңдері бойынша талап қою мерзімі салықтық тексеру басталған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап тоқтатыла тұрады.



3.Талап қою мерзімдерін сақтау бөлігінде салық төлеушілерге қандай кеңес берер едіңіз?

Өткен жылдар үшін қосымша салық есептілігін тапсырмас бұрын, алдымен күнтізбеге қараңыз.
Тиісті салық кезеңінің аяқталуына қанша күн қалғанын есептеңіз.
Егер талап қою мерзіміне қатысты күмән туындайтын болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгініп, алдын ала кеңес алғаныңыз жөн.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері