Меню
Страницы

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.

 Семинар спикері ретінде Абай облысы Кәсіподақтар орталығының басшысы, «Әділет» партиясының мүшесі Қ.С. Сүлейменов сөз сөйледі.

 Іс-шара барысында Конституцияның негізгі ережелері, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі, мемлекеттік биліктің бөліну қағидаты және мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық негіздері түсіндірілді. Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді.

 Семинар соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, сұрақтарына жауап алды. Осындай іс-шаралардың құқықтық мәдениет пен Конституцияға деген құрметті нығайтудағы маңызы ерекше екені айтылды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты