Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Ағымдағы жылғы 30 мамырдан бастап «Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №237 бұйрығы қолданысқа енгізілді.

Аталған бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін барлық көлік түрлерімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді.

Тыйым салу, атап айтқанда ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша 2523290000, 252390000,  3824509000, 6801000000, 6802230000, 6802931000, 6802939000, 6809110000, 7003, 7004, 7005 кодтарымен жіктелетін тауар түрлеріне қолданылады.

 

Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
15 июня 2026