Жалған евро өткізу кезінде Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды

Жалған евро өткізу кезінде Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласының екі тұрғынын номиналы 500 ЕВРО болатын 3 жалған купюраны 350 мың теңгеге өткізу барысында ұстаған.

Сарыағаш аудандық сотының үкіміне сәйкес Б.Сапаров және Н.Жанизакова ҚР ҚК-нің 233-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға сәйкесінше 2 жыл 6 ай және 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.