Жамбыл облысында астыртын ойынхана қызметінің жолы кесілді

Жамбыл облысында астыртын ойынхана қызметінің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында жасырын ойын мекемесінің лицензиясыз және ҚР заңнамасының талаптарын бұзу арқылы заңсыз қызметін жүзеге асыратынын анықтады.

Қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу және құжаттау мақсатында Департамент қызметкерлерімен жасырын бақылау сатып-алу өткізілді, оның нәтижесінде ауыл тұрғының заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны белгілі болды.

Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында  5 ойын автоматы және 92 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы сотының үкімімен ұйымдастырушы ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-б.  бойынша кінәлі деп танылды.

 Құрметті азаматтар!

 Егер Сізге қаржы саласындағы құқық бұзушылықтар мен осындай деректер мәлім болған жағдайда, ҚМК - 8(7172) 70-84-78,  Жамбыл облысы бойынша ЭТД сенім телефонына - 8(7262)34-75-38, 8(7262)347626 хабарлауларыңызды сұраймыз.