Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орындары анықталды

Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орындары анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «STOP-ойын» жедел-алдын алу  шарасы шеңберінде соңғы екі аптада Сарығаш, Түркістан, Кентау және Жетісай қалаларында 16 заңсыз ойын орындарының жолын кесті. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Нәтижесінде заңсыз ойын орындарынан 39 теледидар, 71 процессор, 69 монитор, чек шығаратын 25 принтер және 12 сканер, 1,2 млн. теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп алынды.

Осы негізде заңсыз ойын орындарын жолын кесу, анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Заңсыз ойын орындарының қызметін анықтаған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Түркістан облысы бойынша ЭТД 8  (72533) 3-29-87 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.