Ағымдағы жылдың 18 - сәуір күні "Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы Жылысай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 22 өтініш қабылданды, Оның ішінде:
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:бойынша –10 жеке тұлға кезекке тұрған.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:
3. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:
- 2024 жылдың 27 наурыз күні Жылысай ауылдық округі әкімінің аппаратында «Электронды қызмет оңай әрі жылдам» атты дөңгелек үстел өтті.
- 2024 жылдың 27 наурыз күні Жылысай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзін-өзі қызмет көрсету бұрышынан санаулы уақытта жылдам түрде алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Кеген ауданы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де 14 мамыр 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындарға қажетті ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Кеген ауданы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 27 мамыр 2024 жылы «Жылдамдық электронды қызметте» атты акция өтті. Акцияның мақсаты электронды түрде көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға таныстыру, үйрету. Акция барысында тұрғындарға 200 ден аса жадынамалар тарқатылды.
- Кеген ауданы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 30 шілде 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін , е-gov порталы арқылы алынатын анықтамаларды, қызметтерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында 300 дана жадынамалар тарқатылды.
- 2024 жылдың 29 шілде күні Кеген ауданы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышынан қызметтер түрін алу бойынша ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің мақсаты тұрғындарға түсіндіру, өз бетінше анықтамалар алу жолдарын үйрету.
- 2024 жылдың 31 шілде күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы» атты мақала ілеуметтік желіге жарияланды.
- 2024 жылдың 5 тамыз күні eGov mobile Цифрлық құжаттар әрқашан қолыңда тақырыбында 3*6 өлшеміндегі билборд Жылысай ауылы Әлмерек-Абыз көшесіне ілінді.
- 2024 жылдың 4 қарашасы күні eGov порталынан 270 нысанды деклорацияны қалай тапсыруға болады? Атты видеоролик әлеуметтік желіге жарияланды.
- 2024 жылдың 4 желтоқсан күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату, және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру» мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
- 2024 жылдың 5 желтоқсан күні «Мемлекеттік қызмет оңай әрі жылдам» атты ашық есік күні өткізілді.
- 2024 жылдың 20 желтоқсан күні eGov mobile Цифрлық құжаттар әрқашан қолыңда тақырыбында 3*6 өлшеміндегі билборд Жылысай ауылы Әлмерек-Абыз көшесіне ілінді.
Округ әкімі апаратындағы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2024 жылы 92 электрондық қызмет көрсетілді.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.
Қызметтерді уақытылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізгі бағыты болып табылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.
Жылысай ауылдық округінің әкімі Қ.Нарынбаев