
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Таза бейсенбі» бастамасы аясында Жылысай ауылында маңызды қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары бір мақсатқа жұмылып, ауыз су мәселесін жақсарту бағытында бірлескен жұмыстар атқарды.
Шара барысында ауыл ақсақалдары, белсенді азаматтар, жастар және еріктілер жиналып, ауылдың ауыз су жүйесін, қосымша бұлақ көздерін ашу және тазалау жұмыстарын жүргізді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бұлақ сулары ауыз су жүйесіне бағытталып, ауылға келетін су мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік жасалды. Бұл жұмыстар тұрғындарды сапалы әрі жеткілікті ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Ауыл халқы қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.