Аттестат тапсыру рәсімі

Аттестат тапсыру рәсімі

Бүгінгі шарада Округ әкімі Руслан Кенесжанұлы мен мектеп директоры Сахметова.Қ  мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, "Алтын белгі" мен "Үздік аттестат" иегерлерін салтанатты түрде марапаттады. Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. Бұл шараға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар қатысып отыр. Қазіргі түлектеріміз - ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Еліміздің көк байрағын көкте желбірете беріңіздер! Қымбатты ата-аналар! Бұл көптен күткен сәт. Бала өсірген соң, оған сапалы білім беру басты мақсатымыз болды. Ақ сүтіңіз ақталып, ұл-қыздарыңыз абырой биігінен көрініп отыр. Сіздердің бұл еңбегіңізге алғысым шексіз! Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын!