
Жылысай ауылдық округінде мереке мен игі дәстүр тоғысқан ғажайып дөңгелек үстел өтті. Бұл жай ғана жиын емес, ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналған айтулы сәт болды.
Кездесудің басты мақсаты: Отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
Жас шаңырақ иелеріне бағыт-бағдар беру;
Ұлттық тәрбиенің өзектілігін арттыру.
Жиын барысында: Аға буын өкілдері жас отбасыларға бала тәрбиесі мен шаңырақ беріктігі туралы құнды ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді. Жаюлы ақ дастарқан басында жылы лебіздер білдіріліп, қатысушылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.