
25 қазан күні тойланатын Республика күні еліміздің егемендік жолындағы қадамдарын еске салып, халқымыздың болашағына үлкен сенім мен үміт береді. Бұл мерекеде еліміздің әрбір азаматы бір-бірін құттықтап, мемлекетіміздің гүлденуін тілеу – үлкен қуаныш. Жылысай ауылында 25 қазан күніне концерттік шара өтті. Ән шырқалып, би биленді құттықтаулар айтылды.