«Таза Қазақстан» акциясы

«Таза Қазақстан»  акциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
биылғы көктемде өткен «Таза Қазақстан»
экологиялық фестивалінде белсенді жастармен жүздесіп, ауқымды шараның
тағылымы мол екеніне тоқталды. «Тазалық əр адамнан, əр үйден, əрбір
көше мен əр қаладан басталуы керек.
Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік
науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз.Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылдық
округінің əкімі Руслан Кеңесжанұлы
акцияға ауыл тұрғындарының да белсенді
үлес қосқанын жеткізді. Ауыл тұрғындары өздері құрған қорға түскен
қара жатқа Түркістан облысынан ағаш
көшетін сатып алып егіпті. «Жылысай
ауылының тұрғындары жұмыла көтеріп,
300 түп катальпа (сəнағаш), 200 түп терек көшетін ектік. Көпжылдық ағаштар
жайқалып өскенде жанға сая болып,
қоңыржай климаттың қалыптасуына да
əсерін тигізеді. Жасы жетпісті алқымдаған зейнеткер қарияларымыз жастарға
бағдар беріп, бірнеше көшені жағалай
қоршап, абаттандыру жүргізілді. Экофестиваль тұрғындар үшін мейрам іспетті,
бір-бірімен арқа-жарқа сыр шертісіп
сергиді. Тіпті ауылдан қалаға көшіп кеткен жерлестеріміз де акцияға арнайы
келіп қолдау көрсетті. Келешекте ағаш
көшеттері жайқалып өсіп, ауылымызды ажарландыра түседі. Қоңыр күздің
жаймашуақ күнінде ұйым даса қам жасап,
қара суыққа ілінбей тиянақтаған акция
ерте көктемде тағы да жалғасын табады»,
дейді ауыл əкімі.