Құрметті Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтары!
Аса қадірлі тыл ардагерлері!
Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз.
Қиын кезеңді бастан өткерген тыл ардагерлері қазір ортамызда отыр. Құрметті тыл ардагерлері, барша халықтың атынан Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын! Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз! Сіздерге бас иеміз!
Тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты. Жұртымыз жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп, қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындады, әскери киім тікті. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Олардың ерлігі мен еңбегін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге баса назар аудардық, аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының қолдауымен соғыс ардергерлерінің ескерткішіне арнайы қаржы бөлініп, өздеріңіз көріп отырғандай күрделі жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде жасалды. Сіздердің аттарыңыздан Үлкен алғыс айтамын!
Қазақ халқы – бейбіт. Бірлігі жарасқан халық. Соның көрінісі Жалағаш ауылындағы көгалдандыру жұмысы, Мешіттің күрделі жөндеуі және биылғы ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастырған Тыл ардагерлеріне арналған құрмет тақтасын жалғастырып, тылда еңбек еткен ата-аналарымыздың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында ескерткішті жалғастырып жасауы.
Қадірменді тыл ардагерлері!
Ата бабамыздың жанқиярлық еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтарыңыз сіздерге мәңгілік қарыздар. Осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бейбіт өмір тілейміз!
Құрметті ауылдастар!
Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін!
Қадірлі ауылдастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Мереке құтты болсын!