Округ бойынша 400 га жер жыртылып, тырмаланды. 380 га арпа себілді. МТЗ 82 соқасы (ПЛН 3,35) – 1 дана, МТЗ 892 дискілі тырма (БД 2) – 1 дана, МТЗ 82 ауыр тырма,соқасымен – 4 дана, МТЗ 80 тұқым сепкіш(СЗ-5,4) – 3 дана, ЮТО -2 дана, Т-150 соқасымен -1 дана көктемгі науқандық жұмысқа барлығы 12 ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде егістік жер телімі бар шаруа қожалық төрағалары жерді өз мақсатында игеру туралы ескерту берілген. Қазіргі уақытта 2500 га жер телімі өз мақсатында пайдаланылмай жатқандығы анықталды.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. Көктемгі егіс науқаны туралы (егістік жерлерді өз мақсатында пайдалану, ауылдық әкімшілікке себілген егіс көлемі туралы есебін беру, арзандатылған жағармай туралы)
2. Көктемгі санитарлық тазалық айлығы (тазалық, аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары)
3. Мал отарларын жайлауға көшіру
4. Бада кезегі
5. Жер қору
6. Ауылдық округтегі жол, су, көше жарықтары тағы да басқа проблемалық сұрақтар туралы