
Аудан әкімі Жалағаш ауылында салынатын спорттық сауықтыру кешенінің жер телімін көрді
Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Жалағаш ауылынан салынатын спорттық сауықтыру кешенінің жер телімін көріп, мердігергемен құрылыс жұмыстары жөнінде ақылдасты.
Жалағаш ауылынан салынатын спорттық сауықтыру кешенін салуға 1 га жер теліміне мемлекеттік акт алынды.
Ғимарат А.Құнанбаев көшесі мен Ө.Жаңбырбаев көшесінің қилысында орналасқан.
Спорттық сауықтыру кешені 50 орындық.
Спорттық сауықтыру кешенінде екі алаң және спорттық бөлімдер бар.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары сәуір айында басталып, осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.