
Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бүгінгі күн әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін ризашылығын білдіретін күн.Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Біздің бірлігіміз – Тәуелсіздігіміздің кепілі» деген болатын. Қандай қиын кезеңде де ел тағдыры үшін ұйыса білетін ұлтымыздың ынтымақтығы баға жетпес байлығымыз. Берекелі бірлігіміз бен тыныштығымздың тұрақтылығы жолында қызмет ету – баршамыздың қасиетті борышымыз.Құрметті жерлестер! Ауылдын жағдайы жақсара түсіп, даму жылдамдығы жеделдесе, ол еңбектің ішінде сіздердің де үлестеріңіз мол. Бақытты болашақ - сіз бен біздің жұдырықтай жұмылып атқарар жемісті іс-шараларымызды қажет етері сөзсіз. Баршаңызды осы жолда аянбай еңбек етуге шақырамын.
Қазақстандағы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біз біртұтас ұлтқа айналдық.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін