
2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша "Алтын алқа" алқасымен Жалағаш ауылының тұрғыны Ағыбаева Асел Рысбекқызы,
Тоғызбұлақ ауылының тұрғыны Шункеева Назерке Аманболқызы "Күміс алқа" алқасымен марапатталды.
Сонымен Қатар Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министірлігінің №1816-шы бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен Тоқтыманов Мұхтар Райымбайұлы марапатталса, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігінің №96-шы бұйрығымен “Еңбек ардагері” медалімен Смайлов Тайбек марапатталды.
«Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ электростанциясы» АҚ директоры Айдарбеков Ғалымжан Әбікенұлы және “Кеген орман шаруашылығы КММ-нің директоры” Солтангазиев Айболат Әскербекұлы марапатталды. Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Үздік ауыл азаматтарын марапаттап құттықтады.