Бүгін 31-мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты тағылымдық кеш
Тоғызбұлақ ауылдық мәдениет үйінде өтті.
Кеште
саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Кештің қадірменді қонақтары Кеген ауданының әкімі – Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, ұлт жанашыры ақын, ғалым ұстаз, өнер зерттеушісі, филология ғылымының кандидаты- Медеубек Сағатбек Медеубекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Дарын» сыйлығының иегері- Әшімжанов Жанарбек Садыханұлы, журналист, "Ұлт үшін туған Ыдырыс" ,"Ақай Нүсіпбеков:Ғибратты ғұмыр", "Әлмереке абыз: тарих пен тағлым", "Шынжырлы Сәмен батыр' деректі фильмдерінің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызы, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Садырова Айгүл Бектұрсынқызы, Кеген аудандық мәслихат депутаты және Жалағаш ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалқаев Еркінбек және аудандық мәдениет үйінің директоры болды.
Ерекше тарихи маңызы бар «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің тұсауын кесу Сағатбек Медеубекұлына, Жанарбек Садыханұлына, Нұрбақыт Молдахметұлына, фильмнің авторы Салтанат Әуелханқызына берілді.
«Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызына
аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Алғыс хат тапсырды.
Деректі фильм тамашаланды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұғыммен сол заманда саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары болған бақиға көшкен ата-баба рухына ізінің қайырлылығын, ұрпағының разылығын білдіру ниетінде Тоғызбұлақ ауылдық мешітінің имамы – Жантаев Жеңісжан құран бағыштады.
Біз саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 31 мамырда ғана еске алып қоймай, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немесе жай күндерде де оларды еске алып отырамыз.
Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!