Көрсетілген қызметтер

Көрсетілген қызметтер

Ағымдағы жылдың 9 - сәуір күні "Ұзынбұлақ   ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  3. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша–мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.

 

Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 1 акция өткізіліп жаднамалық кітапшалар таратылды, 1 дөнгелек үстел, 1 ашық есік күні, 4 түсіндірме жұмысы  жүргізілді,.

«Ұзынбұлақ   ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп округтің (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерінде   өткізілген шаралар  жарияланып  отырды.

         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі                          О.Тақабаев

 

Кораласов Н.

8/72777/5-41-01