Онлайн сауалнама

Онлайн сауалнама

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
2022 жылғы 3 ақпандағы № 6888 ПАБ-29 қарарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) бірлесіп, онлайн форматта қоғамдық мониторинг рәсімін іске асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.

 Аталған тапсырманы орындау мақсатында Агенттік Министрлікпен бірлесіп «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама жүргізу арқылы ұйымдастырды (http://m.egov.kz/survey/).

Ұйымдастыру барысында бағалау нәтижелерін бөгде адамдармен «қолдан көбейту» қаупін болдырмау мақсатында «респондент – қызмет алушы» орамын қатаң ұстану басты мақсат.

Осыған байланысты, облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің онлайн нысанда басталғандығы және қызмет алушыларды белсене қатысуға шақыру туралы ақпаратты қызмет алушыларға жеткізу мақсатында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және оған бағынышты ұйымдарының ресми интернет-ресурстерінде және әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына анонсты және баннерді орналастыруды ұйымдастыру қажет (қоса беріледі).

Онлайн нысандағы сауалнама ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты, қызмет алушылардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сауалнаманы өту барысында туындаған мәселелері бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізу (анонстар орналастырылған әлеуметтік желілердегі пікірлер) және оларға жедел әрекет ету, консультациялық көмек көрсету қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Департамент басшысы                                                               А.Жакупов