“Республика күні” мерекесіне орай таңғы жаттығу

“Республика күні” мерекесіне орай таңғы жаттығу

             2-қараша Кеген-Алматы трассасының Жалаңаш ауылдық округіне бұрылысындағы автотұрақта “Республика күні” мерекесіне орай, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді спортқа баулу мақсатында, “Спорт- маңызды, спорт- қажет” атты мемлекеттік қызметкерлер арасында таңғы жаттығу және "Шарын" өзенінің автотұрағына дейінгі аралықта 4 шақырымдық жеңіл атлетикадан жүгіріс ұйымдастырылып өтті.
          Таңғы жаттығуға Жылысай, Ұзынбұлақ, Алғабас ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, орта мектептердің мұғалімдері, мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жүгіруден орын алған мамандар аудандық спорт бөлімінің ұйымдастырумен алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.