Тасашы ауылының тумасы, Алматы облысының аға биі, ақын Нәби Сатылғанұлымен кездесу

Тасашы ауылының тумасы, Алматы облысының аға биі, ақын Нәби Сатылғанұлымен кездесу

Кеген ауданы Тасашы округінде, Жаңа Тасашы мәдениет үйінде ауыл тумасы, ақын, Алматы облысының аға биі Нәби Сатылғанұлымен кездесу өтті. Кездесуге ауыл әкімі Е. Төребаев, ақсақалдар алқасы, аналар кеңесі мен ауыл тұрғындары қатысты. Мектеп оқушылары ақын ағаның өлеңдерін жатқа айтты. Аға бидің өмірлік жұбайы қатысушы оқушыларға өз сыйлығында ала келген екен. Нәби Сатылғанұлын ауыл әкімі ел мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.