
Руслан Уәлиұлы-1989 жылы 16 маусым күні- Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.
Білімі -жоғары.
2009 жылы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжін «Есептеуіш техника және бағдарламалармен жұмыс» мамандығы бойынша бітіріп, 2012 жылы Қазақстан Инженерлік техникалық университетін «Есептеуіш техника және бағдарламалармен жұмыс» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы 1 қыркүйегінен №3 Кеген орта мектебінде информатика пәні мұғалімі қызметінен бастаған.
2010 жылдың 1 қазанынан Райымбек ауданы әкімі аппаратына хатшы машинисті болып қызмет атқарды.
2013 жылдың 3 қаңтарынан Тұйық кенттік әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы;
2018 жылдың 9 қазанынан Кеген аудан әкімі аппаратының терроризм қарсы күрес комиссиясының хатшысы;
2018 жылдың 29 желтоқсанынан «Кеген аудан әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2019 жылдың 1 наурызынан Кеген аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
2021 жылдың 31 желтоқсанынан - Кеген аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
2023 жылдың 31 желтоқсанынан - Кеген аудан әкімі аппаратының жалпы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық әкімшілік бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 19 қаңтарынан осы күнге дейін Кеген ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымы қызметін атқарып келді;
2025 жылдың 03 наурызынан Шырғанақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.