Ағымдағы жылдың 25 - сәуір күні "Саты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

Ағымдағы жылдың 25 - сәуір күні "Саты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

​ Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес                       5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде:


       1)"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

2) "Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.           

 3)"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидалары.

4)"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.                         

 5)"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Есептік кезеңде көрсетілген қызметтер саны, барлығы - 28.      

       Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:

  1. 1. 2024 жылдың 26 наурыз күні Саты ауылдық округі әкімінің аппаратында «Электронды қызмет оңай әрі жылдам» атты дөңгелек үстел өтті.
  2. 2024 жылдың 26 наурыз күні Саты ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзін-өзі қызмет көрсету бұрышынан санаулы уақытта жылдам түрде алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  3. Кеген ауданы «Саты ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де 12 мамыр 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындарға қажетті ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  4. 2024 жылдың 30 шілде күні Кеген ауданы «Саты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде “Өзіне-өзі қызмет көрсету – заманауи электронды үкіметтің мүмкіндіктері” тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің мақсаты:

Халыққа электронды үкімет порталының (egov.kz) мүмкіндіктерін таныстыру, цифрлық сауаттылықты арттыру және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуына жол ашу.

Іс-шара барысында:

  • Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін негізгі қызметтер таныстырылды;
  • Egov Mobile қосымшасын пайдалану жолдары көрсетілді;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу және қолдану бойынша кеңес берілді;
  • Халыққа өзекті сұрақтары бойынша жеке кеңес берілді.
  1. 2024 жылдың 31 шілде күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы» атты мақала әлеуметтік желіге жарияланды.
  2. 2024 жылдың 21 қарашасы күні eGov порталынан «Банктік қарыз, микрокредиттерді шексіз уақытқа алудан бас тарту» Атты видеоролик әлеуметтік желіге жарияланды.
  3. 2024 жылдың 3 желтоқсан күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату, және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру» мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
  4. 2024 жылдың 20 желтоқсан күні eGov mobile Цифрлық құжаттар әрқашан қолыңда тақырыбында 3*6 өлшеміндегі билборд Саты ауылы Қ.Ұлтарақов көшесіне ілінді.

  Округ  әкімі апаратындағы  өзіне – өзі  қызмет көрсету бұрышы арқылы 2024 жылы 85 электрондық қызмет көрсетілді.
         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

          2024  жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік  қызмет     бекітілген мерзімде   көрсетілді, жеке  және  заңды  тұлғалардың  тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.