08.04.2025 Кеген ауылдық округінде пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде қайтарылып алынған 300 га суармалы жерді тұрғындарға үлестіріп беру жұмыстары толығымен аяқталды. Жер 5 га дан кезекте тұрған тұрғындарға егістік және көп жылдық шөп егу мақсатында беріліп, тұрғындар бірден жұмыстарды бастап кетті.