Ұлы Жеңіс күніне орай Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішінде еске алу шарасы өтті

Ұлы Жеңіс күніне орай Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішінде еске алу шарасы өтті

Сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін от кешіп, бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасалды.Ер есімі - ел жадында. Ұрпаққа тыныштық пен тәуелсіздік сыйлаған қаһармандардың ерлігі мәңгілік ұлықталады. Шара барысында майдангерлер рухына бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.

"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" - бұл ұлы ұстаным ұрпақ жадында мәңгі сақталады.