"Таза Қазақстан" Экологиялық акциясы Ереулітөбеде жалғасын тапты

"Таза Қазақстан" Экологиялық акциясы Ереулітөбеде жалғасын тапты

Ұлт - азаттық көтерілісінің 110 жылдығы қарсаңында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы қасиетті Қарқара ауылының төріндегі Ереулітөбе тарихи ескерткішінде өтті. Тарихы тағылымға толы, табиғаты тұмса мекенде бұл игі шара - өткенге тағзым жасап, туған жерге деген жанашырлық арттырған маңызды бастама болды. Осындай киелі жерде өткен тазалық акциясы - тарихқа тағзым мен табиғатқа қамқорлықтың тағылымды үлгісі.