Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 115 өтініш қабылданды, Оның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – 1.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында 2024 жылғы 27 мамыр күні «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – басты міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2024 жылғы 13 мамыр күні «Электронды қызметтерді» танымал ету бойынша акция өткізіліп жаднамалық кітапшалар таратылды.
Облыстық «Райымбек» газетінің 10 шілде 2024 жылғы №21 (410) санында мақала жарияланды.
«Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп округтің (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерінде өткізілген шаралар жарияланып отырады.
Округ әкімі аппаратында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышынан азаматтар өздеріне керек анықтамаларды алуда.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан шағым түскен жоқ.
Қызметтерді уақытылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізгі бағыты болып табылады.