Меню
Страницы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” шарасы өтті. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында Кеген ауылының көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы сөз сөйлеп, қоршаған ортаның тазалығы – өңірдің келбеті мен тұрғындардың мәдениетінің айқын көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай игі бастамалардың аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасып, әрбір тұрғындардың туған жерге жанашырлықпен қарауы маңызды екенін жеткізді

Социальные медиа
Меню подвал