1-маусым Балаларды қорғау күні

1-маусым Балаларды қорғау күні

Құрметті балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – болашағымыздың жарқын иелері, көңілі тап-таза, арманы асқақ, жүрегі мейірімге толы бүлдіршіндерге арналған ерекше мереке. Балалар – әр отбасының бақыты, әр елдің болашағы мен байлығы. Сіздердің қуаныштарыңыз, шат күлкілеріңіз – бәрімізге үлкен шабыт пен үміт сыйлайды.