12 ТАМЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

12 ТАМЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

Мерекелер күнтізбесінде 12 тамызға белгіленген халықаралық жастар күні құтты болсын! Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен айқын мақсаттың, айбынды ар мен өткір намыстың символы.

🔰 Жас буын тәуелсіз елдің жарқын болашағын сеніп тапсыратын артымыздан ерген өскелең ұрпақ.

🔰 Кешегі Алаштың ардақтылары сенім артқан бүгінгі жас ұрпақ егемен еліміздің ертеңін еңселі, келешегін кемел ететіндігіне сеніміміз мол.

🔰 Жастарымыз жігерлі әрі жалынды болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры мәңгілік болғай!