Бөлексаз ауылдық округінде Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есептік кездесуі өткізілді.
🔹 Кездесу барысында аудандық деңгейде жүзеге асқан маңызды жобалар мен бастамалар таныстырылып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарға тоқталды.
🔹 Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жастарды қолдау, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жол жөндеу және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бағытындағы нақты нәтижелер айтылды.
🔹 Жиынға округ тұрғындары, ауыл ақсақалдары, жастар және мекеме өкілдері қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.