24-қазан –Кітапханашылар күні!

24-қазан –Кітапханашылар күні!

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан - КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілген. 

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы!

Кітапхана – мәдениет ошағы. Ақыл-ой мен білім-ғылымның қайнар көзі,  ордасы. Мұнда адамның ой-өрісін кеңейтуге, рухани дамуына мүмкіндік мол. Сол себепті, өз мамандығына үлкен құрметпен қарайтын еліміздің барша кітапхана қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймыз!