1-масым Балаларды қорғау күні

1-масым Балаларды қорғау күні

Құрметті балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – болашағымыздың жарқын иелері, көңілі тап-таза, арманы асқақ, жүрегі мейірімге толы бүлдіршіндерге арналған ерекше мереке. Балалар – әр отбасының бақыты, әр елдің болашағы мен байлығы. Сіздердің қуаныштарыңыз, шат күлкілеріңіз – бәрімізге үлкен шабыт пен үміт сыйлайды.

Бүгінгі бейбіт аспан, тыныш өмір – сіздер үшін. Біз сіздерге білім алуға, армандарыңызды жүзеге асыруға, қауіпсіз әрі жарқын болашақ құруға барлық жағдай жасауды басты мақсатымыз санаймыз.

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Сіздерге бала тәрбиесіне қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Ұрпағымыздың дені сау, тәрбиелі, білімді болып өсуі – сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің нәтижесі.

Барша балаларға зор денсаулық, шаттық пен бақыт тілеймін! Әр күніңіз тек күлкі мен қуанышқа толы болсын!

Мереке құтты болсын!