8 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН 22-АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

8 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН 22-АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

​​8 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН 22-АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ Біздің құрама кезекті рет ел намысын абыроймен қорғайды! Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) 8 қазақстандық оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр. Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы - физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді. Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар. Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға кіруге және халықаралық физика бойынша олимпиадада (IPho) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік беретінін еске саламыз.