Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

🏆30 сәуірде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.

🏆Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды.

🏆Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілді.

🎉Барлық оқушыларға олимпиадаға қатысып, пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге тек олимпиадада ғана емес, сонымен қатар барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.