Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Мектепке алты жасқа толған және осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.

Мектепке алдымен аймақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, содан кейін ғана қызмет көрсету аумағынан тыс басқа аймақтан бір үміткер қабылданатынын айта кеткен жөн.

Білім беру ұйымдарының міндетті тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ. Ата-аналар электрондық форматта өтініш, баланың туу туралы куәлігі мен медициналық паспортын, 2 фотосурет тапсырады.

Болжам бойынша 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны шамамен 340 мың баланы құрайды.