2025 жылғы 30 сәуірде ҚР ӨҚМ, ұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде Азия даму банкі (АДБ) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің қазіргі жағдайын, сондай-ақ ЭЫДҰ 2019 жылы жүргізген соңғы MAPS бағалауынан кейін енгізілген заңнамалық және нормативтік өзгерістерді талқылады. Ерекше назар тұрақты сатып алулар мәселелеріне, оларды АДБ қаржыландыратын инфрақұрылымдық жобаларда қолдану мүмкіндіктеріне және осы саладағы ұлттық саясатты одан әрі дамыту перспективаларына аударылды.
АДБ делегациясын сатып алу жөніндегі маман мырза Джулиан Доци, құқықтық сараптама жөніндегі кеңесші мырза Питер Трепт және тұрақты сатып алулар жөніндегі кеңесші мырза Малхаз Хурцилава таныстырды.
Тараптар мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, халықаралық стандарттар мен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін жаңа тәсілдерді әзірлеу саласында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.