2025 жылғы 25 сәуірде Астанада «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілердің қатысуы» тақырыбында секциялық отырыс өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және сарапшылардың өкілдері қатысты. Коммуналдық секторды жаңғырту тақырыбы бойынша баяндамамен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков сөз сөйледі.
Өз сөзінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Ұлттық жобаның негізгі мақсаты – коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру екенін атап өтті. Оның ішінде су бұру жүйесін дамытуға, соның ішінде кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.
Секциялық отырыс энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың практикалық тетіктерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңы ретінде тиімді өтті. Отырыстың соңында қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өңірлерде жобаларды іске асырудың нақты мысалдарын талқылап, Ұлттық жоба аясындағы қолдау және сүйемелдеу тетіктері бойынша түсініктемелер алды