ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қостанай облысындағы ауылдық су құбыры құрылыстарын тексерді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қостанай облысындағы ауылдық су құбыры құрылыстарын тексерді

2025 жылғы 28 сәуірде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Тәнжарықовпен бірге өңірдің ауылдық елді мекендеріне инспекциялық сапар ұйымдастырды. Жұмыс сапары Мемлекет басшысының ауыл халқын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өткізілді.

 

Сапар барысында делегация Денисов ауданының Глебовка ауылындағы су құбыры құрылысының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарының сапасына, қарқынына және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қарасу ауданының Павловское ауылы, Қарабалық ауданының Славенка ауылы және басқа да ауылдық елді мекендерде су жүйелерін дамыту жұмыстары тексерілді.

 

Сапар қорытындысы бойынша вице-министр жергілікті атқарушы органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту және жобаларды уақтылы аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Бюджет қаражатын тиімді игеру және мердігер ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері ерекше назарға алынды.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ауылдық елді мекендердегі ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.