Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиада өтті.
Тартысты додаға 26 мемлекеттік орган қатысып, спорттың 7 түрінен: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі және шахматтан бақ сынады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 30-дан астам қызметкер жеті түрлі спорт бойынша жарыс жолына шығып, өз күштерін сынады. Жекелей сындарда министрлік қызметкерлері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- шағын футболдан 17-ші орын;
- волейболдан 8-ші орын;
- шахматтан 7-ші орын;
- тоғызқұмалақтан 6-шы орынды иеленді.
«Осындай форматтағы спорттық жарыстар – командалық бірлік пен ұжымдық рухты көрсетудің тамаша мүмкіндігі. «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, дені сау жастар – еліміздің болашағы. Біздің басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау».