ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласының өкілдерімен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласының  өкілдерімен кездесті

Жұмыс кездесулер 2 күнге созылды.

 

Министр Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының өкілдері - Қазақстанның құрметті сәулетшілерімен, Халықаралық сәулет академиясының профессорлары мен академиктері, дизайнерлерімен кезекті жұмыс кездесуін өткізді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің 7 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жиынға қатысушылар Құрылыс кодексінің жобасын пысықтау мәселелерін талқылады. Мамандар құжатқа жаңа терминдер енгізу, қала құрылысын нақтылау, облыстармен қалалардың аумақтарын дамыту және т.б. қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Құрылыс кодексінің жобасын талқылауға «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстан құрылысшылар одағы», «Кәсіби инженерлер одағы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалаушылар Қауымдастығы» ЗТБ, «Инжинирингтік компаниялар одағы» ЗТБ және т.б. өкілдері келді.

Кездесу аясында Министр бизнес өкілдерінің Құрылыс кодексінің жобасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, кездесуге қатысушылармен мәселелерді одан әрі пысықтау мақсатында салалық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді.

«Қоғамдық ұйымдармен және кәсіби қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық алға қойған мақсаттарға жетуде үлкен рөл атқарады және министрлікке еліміздің құрылыс саласының түрақты дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев. 

Министр тұжырымдамалық құжатты жасауға қызығушылық танытқаны үшін сәулет-құрылыс саласының кәсіпқойларына алғыс айтты, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығы арасында тығыз өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығын атап өтті.