Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтқан құрылыс және өнеркәсіп салаларындағы мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді

Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтқан құрылыс және өнеркәсіп салаларындағы мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша министрлік басшылығымен кеңес өткізді. Кеңес барысында кеңейтілген отырыста көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілген.

 

Атап айтқанда, министр негізгі екпін жалпы салаға жаңа тәсілдер мен шешімдерді енгізуге басты назар аударатын Құрылыс кодексінің жобасын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу қажеттілігінде тоқталған. Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев вице-министр Тимур Қарағойшинге үлестік құрылыс, ірі қалаларды заңсыз және нүктелі құрылыс пен МИБ-ті реформалау мәселелерін шешу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, кеңес барысында өнеркәсіп саласының түйіткілді мәселелері талқыланды. Министр отандық экономикаға қажетті өндірісті ескере отырып, алға бастайтын жобалар тізімін аса қысқа мерзімде бітіруді тапсырды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұзақ жылдар бойы экономикалық өсудің негізін қалайтын ауқымды және инновациялық жобалар мемлекет тарапынан басым қолдауға ие болуы керек. Әңгіме жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғырту туралы да, еліміз үшін мүлдем жаңа өндірістік салаларды дамыту жөнінде де болып тұр.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің баспасөз қызметі