Алматыда табиғи апаттардың алдын алу бойынша семинар өтті

Алматыда табиғи апаттардың алдын алу бойынша семинар өтті

Алматыда қалалық жағдайда табиғи апаттардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға ҚазҚСҒЗИ, Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, Сейсмология институтының мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ал спикер ретінде Жапониядан келген сарапшылар қатысты.

Аталған шара барысында Ниигата қаласын мысалға ала отырып, жапондық сарапшылар табиғи апаттарға жол бермеу, Қазақстандағы табиғи апаттардың алдын алу бойынша мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жер сілкіністерінің салдарын жоюда жапондық ноу-хау технологиялармен бөлісіп, Электр энергетикасы, құрылыс, телекоммуникация, қала құрылысы мен урбанистика саласында жергілікті сарапшылармен пікір алмасты.

Іс-шара соңында қатысушылар жер сілкінісі кезіндегі залал мен оған қарсы іс-қимыл шараларына қатысты мәселелерді талқылады. Жапондық мамандар табиғи апаттардың алдын алу, электр энергетикасы саласындағы табиғи апаттар қаупін азайту бойынша кеңес беруге және Қазақстан мен Жапония компаниялары арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлкен қызығушылық білдірді.

Айта кетерлігі, семинар Жапонияның JICA ынтымақтастық агенттігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі табиғи апаттар қаупін азайту орталығының ұйымдастыруымен өтті.