Құрылыс істері және ТКШ комитетінде Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды

Құрылыс істері және ТКШ комитетінде Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды

"Ашық сағат алаңы" жобасы аясында Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбековтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтың , жұртшылықтың өкілдерімен кездесу өтті.

Кеңес барысында қатысушылар игерілген жер учаскелеріндегі объектілерді реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімдер беру кезінде бұрын қолданыста болған ЖЖЕ-ге сәйкес проблемалық мәселелерді қарады.

Төрағаның орынбасарының айтуынша, министрлікке жер учаскелерінің меншік иелерінен олардың нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскесін пайдалану жөніндегі өз құқықтарын іске асыра алмайтын көптеген шағымдар келіп түседі, өйткені бас жоспарлар мен ЖЖЕ жер учаскелеріне берілген құқықтар мен қолданыстағы құрылыстарды есепке алмай әзірленген.

Әкімдіктер қаражат іздей алмай, "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, бұл меншік иесінің тұрғын үй жағдайларын не бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі құқықтарын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, осы бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Министрлік Қағидалардың 41-тармағының 4-тармақшасына "жоспарланып отырған құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, ЖЖЕ-ге немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына сәйкес келмеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызметінен дәлелді бас тартуды қолдану бөлігінде өзгерістер енгізді, егер жер учаскесі жаңа Бас жоспар немесе ЖЖЕ бекітілгенге дейін берілген немесе игерілген жағдайда.

 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе қалаларды нүктелі және тығыз салу мәселелерін шешу болды.

Қатысушылар ҚР Үкіметі қарайтын жаңадан қабылданған құрылыс ережелеріне сәйкес келмейтін объектілердің қабаттылығына байланысты КЖК құрылыс жобаларын одан әрі іске асыру мүмкін остігі туралы мәселені шешу бойынша ұсыныстарды талқылады.