Министрлікте «Ашық сағат алаңы» ашылды

Министрлікте «Ашық сағат алаңы» ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды қадамдарының бірі қоғаммен кері байланыс орнату.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен ведомствода «Ашық сағат алаңы» атты жаңа форматтағы кездесулер өтпек. Жоба аясында күн сайын әр салаға қатысты маңызды мәселелер талқыланып, кәсіпкерлердің, қоғам белсенділерінің және БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап берілетін болады. Яғни, автомобиль жолдарын салу, азаматтық авиацияны дамыту, көлік саласы, индустриялық даму, құрылыс саласы өнеркәсібі және ТКШ-ға қатысты сұрақтар талқыланады.

Кездесулер бекітілген кестеге сәйкес ведомство басшылары мен  орынбасарларының, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасында онлайн форматта өткізіледі. Әрбір отырыстың тақырыбы мен уақыты министрліктің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарланып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған форматтағы іс-шараларға барлық мүдделі тараптар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Тақырыбы

Өткізілетін уақыты

Жауапты құрылымдық бөлімше

1.

Автомобиль жолдарын салу мәселелері

Дүйсенбі

сағ.17:00-18:00

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті

2.

Азаматтық авиацияны дамыту мәселелері

Сейсенбі

сағ.17:00-18:00

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті

3.

Көлік саласын дамыту мәселелері

Сәрсенбі

сағ.17:00-18:00

ҚР ИИДМ Көлік комитеті

4.

Индустриялық даму мәселелері

Бейсенбі

сағ.17:00-18:00

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті

5.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері

Жұма

сағ.15:00-16:00

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті