Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы ретте бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірлеген болатын https://auylsu.kz/